4.10.2016, 11:30
Оқылды: 21

Жаңақалада қариялармен жарқын жүздесу өтті

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d2%9b%d1%8b%d0%bd-%d0%b6%d2%af%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d1%81%d1%83  Қайырымдылық айлығы аясында Жаңақала ауданының әкімі Л.Хайретдинов ауданның қазыналы қарттарымен кездесті. Емен-жарқын әңгімелесумен, салиқалы сұхбатпен өрілген алқалы жиында аудан басшысы Елбасының саясатымен, еліміздің, ауданымыздың тынысындағы жаңалықтармен бөлісті. Әр ауылдық округтен, елді мекеннен келген қариялар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын өрістетуге қатысты пікірлерін ашық білдіріп, көкейіндегі мазалап жүрген ойларын жеткізді.


   Қариялар аудан басшысына алғыстарын білдіріп, әрдайым ақыл-кеңестерін беріп, қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

  Жиын барысында аудан басшысы әр салада еңбек еткен қарияларды 6 ай газетке жаздырып, естелік сыйлықтар табыстады.

   Сондай-ақ, жиында жергілікті өнерпаздар ән айтып, күй тартып жиналғандардың көңілін көтерді.

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале