13.05.2016, 12:23
Оқылды: 20

Жаңа көлік берілді

????????????????????????????????????

   Зеленов ауданы Достық ауылына қарасты Чувашка мектебіне оқушыларды тасымалдауға жаңа көлік берілді.


     Ел қуанышымен аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин ортақтасты. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Амангелді Кәрімұлы мамыр айының атаулы мерекелерімен құттықтап мектеп директоры Григорий Козловқа су жаңа көліктің кілтін табыстады.

    -Мектеп ұжымы, оқушылардың және ата-аналардың атынан алғысымды білдіремін. Өтінішіміз аяқ-асты қалмады. Балалардың қуанышында шек жоқ, - дейді мектеп директоры Григорий Григориевич.

Шара одан әрі мерекелік концертке ұласып, алтын ұяның оқушылары мың бұрала билеп, әуелете ән шырқады.

www.zhaikpress.kz

Динара ТІЛЕКҚЫЗЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале