10.05.2016, 15:53
Оқылды: 15

Желбіре, Жеңістің Жалауы!

Screenshot_2016-05-10-23-17-49-19 мамыр - Ұлы Жеңістің 71 жылдығын теректіліктер дүркіретіп тойлады. Ең алдымен аудандық әкімшілік ғимаратының алдында соғыс ардагерлері мен еңбек ұйымдары қызметкерлері сап түзеді.


Салтанатты шерумен Достық үйіне дейін барған теректіліктер Азат етуші жауынгер ескерткішінің басына гүл шоқтарын қойды.

Screenshot_2016-05-10-23-25-34-1-1Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздарды 1 минут үнсіз еске алған соң, аудан әкімі Жеңіс Серікқалиев тұрғындарды атаулы мерекемен құттықтады.
Ауданымыздың құрметті азаматы, соғыс ардагері Александр Попов та халықты құттықтап, майдан кезін еске алды.
Он екіде бір гүлі ашылмаған қыздарды снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебіне күшпен әкетуден басталған «Мергендер» атты театрландырылған қойылым талайдың жүрегін тебірентті, ардагер ата-әжелеріміздің жанарларына жас үйірді. Көріністе 30-дан аса жау әскері мен офицерлерінің көзін жойған, Кеңес Одағы Батыры Әлия Молдағұлова туралы баяндалды.
Сондай-ақ Мәдениет үйінің әншілері мен «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі мейрамның сәнін келтіріп, көрермен алғысына бөленді.

www.zhaikpress.kz

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале