13.06.2016, 10:51
Оқылды: 21

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Kaztalov jemkorlikka jol jok    «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының ұйымдастыруымен, - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңның талаптарын түсіндіру бойынша  семинар-кеңес өтті. Кеңесте аудандық әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева, -«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынан туындайтын міндеттер туралы хабарлама жасады.


   Семинар кеңесте аудан прокуроры Дәурен Медетбеков, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызмет бөлімінің жетекшісі Қайыржан Өмірәлиев, -осы Заң талаптары  сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті және оны іс жүзінде іске асуына жауап беруіміз қажет. Сонда ғана Елбасының «100 – нақты қадам» бағдарламасындағы айтылған міндеттер жүзеге асатын болады, - деді.

  Семинар кеңесте осы Заң талаптарының мәдениет саласында орындалуы жөнінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов хабарлама жасап өтті. Семинарға қатысқан мекеме, ұйым жетекшілері ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Жұлдыз АСҚАР

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале