15.04.2016, 11:09
Оқылды: 16

Жеңгендер жолдама алды

Shingirlau jengender joldama     Шыңғырлау ауданында облыстық «Балдәурен-2016» балалар шығармашылығы байқауының аудандық «Егемен елім-кең байтақ жерім!» атты іріктеу сыны өткізілді. Балалар шығармашылығын дамыту, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған сынның маңызы ел мен еркіндіктің, Отанның, бейбітшіліктің қадірін білу, ұлықтау және құрметтеу сынды түсінік беретіндігімен де тереңдей түседі. Барлық ауылдық округтерден, аудан мектептерінен, аудандық саз мектебі, балалармен мектептен тыс жұмыс орталығынан жалпы саны 112 үміткер қатысқан байқау хореография, халықтық музыка, вокал жанры бойынша дуеттер және триолар сыны және қолөнер жанры кезеңдерінен құралып, тартысты және тартымды өтті.


     Байқау соңында «Хореография» жанры бойынша 13қыз баладан құралған «Еркем-ай» бишілер тобы (жетекшісі Г.Нұрғалиева) «Жұмыр қылыш» биімен, «Халықтық музыка» жанрында 7 оқушыдан тұратын «Жас толқын» домбырашылар ансамблі(жетекшісі  С.Хабибуллин), «Вокалдағы дует» жанрында Н.Байғалиева, З. Амангелді (жетекшісі Т.Әмірғалиев), «Қолөнер» жанрында Н.Шаненов ағаштан жасалған «Жаса Қазақ Елі!» және «Кең байтақ жерім» тақырыбындағы бұйымдарымен жеңімпаз деп танылды.   Осылайша байқау жеңімпаздары дипломдармен және облыстық кезеңге жолдамалармен марапатталды.

 www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале