16.10.2015, 12:00
Оқылды: 21

Жеңімпаздар - аудан әкімінің қабылдауында

женимпаздарАудан әкімі облыс орталығы Орал қаласында 15-18 қыркүйек күндері өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тестілерінен бірінші орын алған аудан командасын қабылдады. Жиынды ашып сөз алған аудан әкімі Л.Рашидұлы  аудан мерейін асқақтатқан және осы жеңіске өз үлесін қосқан команда мүшелеріне алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.

женимпаздар (1)-Облыс көлемінде дәстүрлі түрде өтіп жүрген спортакиададан біз жыл сайын үшінші орын алушы едік, міне биылғы тыңғылықты дайындықтын арқасында біз ауданымызды танытып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алдық. Осы жарысқа қол ұшын беріп қолдау көрсеткен аудан әкімшілігіне және команданы жасақтап, жарыстың бас-қасында жүріп командаға қамқорлық танытып жүрген Жаңқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Қ.Қабдоловқа команда атынан алғысымды білдіремін,- деп спортшылар арасынан сөз алған С.Манкаева аудан әкіміне болашақта спорттың пневматикалық мылтықтан ату түрінен жақсы көрсеткіш көрсету үшін сапалы мылтықтың қажет екендігі жөнінде өтінішін білдірді.

Команданың тағы бір мүшесі, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің жатықтырушысы Е.Бисекешов осы жарысқа қаржылай қолдау көрсеткен аудан әкімшілігіне ризашылығын білдіре отырып, аудан спортшыларынның суда жүзуден ақсап жүргендігі туралы айта келе, ауданымызға бассейннің қажеттілігін тілге тиек етті.

Жиынның соңы спортшылардың аудан әкімімен естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали САҒЫНҒАЛИ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале