18.05.2016, 15:34
Оқылды: 13

«Жолда қабылдау» акциясы

????????????????????????????????????

    Бүгін Қаратөбе ауылішілік  көлік жолдарындағы жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында  «Нұр Отан» партиясының «Stop қылмыс» партиялық жоба аясында республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.

   Шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, аудандық ішкі істер бөлімі жол полициясының аға инспекторы  Айбек Арсенов қатысты.


    Акция тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамның ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ, әкімшілік полициясының қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру, партия мен тұрғындар арасындағы  байланысты нығайту және сенімділікті қалыптастыру мақсат-міндеттерін көздеді.

    Акция барысында авто жүргізушілердің  жоғарыда аталған құрылымдардың жұмысына көзқарастары мен ұсыныс пікірлері тыңдалды.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале