15.11.2016, 17:39
Оқылды: 48

Жол-көлік апаты салдарынан 87 адам көз жұмған

%d0%bc%d0%b0%d0%b8   Биылғы он ай ішінде Батыс Қазақстан облысы аумағындағы автожолдарда 386 жол-көлік оқиғасы орын алған. Апат салдарынан 87 адам қаза болса, 448 тұрғын жарақат алған. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі ұйымдастырған брифингте мәлім болды.


   «10-12 қазан күндері көлік апатын азайту мақсатында өткен «Қауіпсіз жол» іс-шарасы нәтижесінде 1703 жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелді. Мас күйінде көлік айдаған 48, көлік жүргізуге құқығы болмаған 41, жылдамдықты арттырған 150, маневр жасау ережесін бұзған 142, апат қатерін туғызған 8, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 52, қауіпсіздік белдігін тақпаған 209, рөлде отырып ұялы телефон пайдаланған 168, көлігі техникалық байқаудан өтпеген 103, бағдаршамның рұқсат белгісін күтпеген 35, автотұраққа қою ережесін бұзған 19 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жыл басынан бері он ай ішінде жүргізушілерге материалдық шығын әкелген 1596 жол-көлік оқиғасы болды», – деді БҚО ІІД ЖПҚ жол қозғалысын қадағалауды ұйымдастыру тобының инспекторы, полиция майоры Руслан Дүйсенғалиев.

Ювениальды полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Руслан Ғалиев қараша айында ұйымдастырылған «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 285 кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, құқықбұзушылық жасаған он үш жасөспірім профилактикалық есепке алынған. Бейімдеу орталығына 21 бала орналасты. Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі мезгілде ойын-сауық орындарында жүруіне байланысты екі дерек анықталды. Бала тәрбиесіне салғырт қараған 24 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Жас 18-ге толмаған жасөспірімге темекі сатудың бес дерегі тіркелді. Және алкоголь өнімін сатқандарға қатысты бес заңбұзушылық анықталды.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале