20.06.2016, 10:56
Оқылды: 19

Жүлделермен оралды

 Жүлделермен оралды Жақында,  Тасқала жерінде   халықаралық  дәрежедегі  төреші,  ҚСРО спорт шебері  Қ.Баймағамбетовтың  жүлдесіне  арналған дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында   облыстық ашық турнир өтіп, оған   жер-жерден  сегіз команда қатысып,  спортшылар қызықты да тартысты ойын көрсете білді.


Турнирде   60 келілік  салмақ дәрежесіндегі  спортшылар арасында  жерлесіміз Диас Искалиев І-ші орын, Нұрхат Қалдыбаев (26  кг)-ІІ орын, Нұрдаулет Кулов (29 кг)  және Рахат Қалдыбаев (55 кг)  -ІІІ орындарды иеленіп, жеңіспен оралды. Жерлестері оларды баптап-баулыған  аудандық балалар және жасөспірімдер спорт  мектебінің  жаттықтырушысы Бағдат Сариевке  дән риза. Лайым, жеңісіміз көп болсын!

www.zhaikpress.kz

                                              А.Муса

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале