5.08.2015, 18:19
Оқылды: 34

Жұмыссыздықты жою - басты назарда

Макен собес   Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасында алқа мәжілісі өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен төрағалық етті.

Алқа мәжілісіне облыстық басқарма, мекеме басшылары, әлеуметтік салаға басшылық ететін аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, жұмыспен қамту орталықтарының басшылары мен мамандары қатысты.

Күн тәртібінде үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша облыс халқын жұмыспен қамту және мүгедектерді әлеуметтік қорғау шаралары туралы екі түрлі мәселе қаралды. Бұл мәселелер бойынша аталмыш басқарма басшысының міндетін атқарушы Самат Хангереев және басқарма басшысының орынбасары Ділдәш Искакова баяндама жасады.

Баяндамашылардың мәлімдеуінше 2015 жылдың 6 айында облыс бойынша жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселесімен 9 608 адам жолыққан. Осы жылдың шілде айына дейін жаңадан ашылған жұмыс орындарына жұмыспен қамту бөлімі арқылы 2 484 адам, «Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы 1 773 адам орналасқан. Ресми түрде жұмыссыз ретінде 2 823 адам тіркелген, бұл облыстағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,9 пайызын құрайды. Ауылдық жерлерде жұмыс орындарының тапшылығы өткір мәселеге айналып отыр. Қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыз азаматтардың саны 4 420 адамды құраған. Олардың жалпы санының 79,6 пайызы ауылдық жерлерден. Әлеуметтік жұмыс орындарына 826 адам және жастар практикасына 508 түлек жолданған. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға 603 адам жіберілсе, соның ішінде «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 243 адам бар.

Жиынға қатысушылар күн тәртібіне байланысты бірқатар проблемалық сұрақтарды ортақ талқыға салды. Бұл орайда облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен нақты нұсқау жасап, сала мамандарының жауапкершілігіне тиісті тапсырмалар жүктеді.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале