4.12.2015, 12:59
Оқылды: 32

«Жұқа мұз» акциясы өтуде

Jyka myz  Қазір жер-жерде «Жұқа мұз» акциясы өткізіліп жатыр. Өйткені, бұл мезгілде өзен-көлдерде мұз қатқанымен, оның жұқа болуы адамға да, жан-жануарларға да аса қауіпті. Ендеше бұған түскен әрбір саналы үлкен-кіші мұз үстіне шығудан аулақ болғаны жөн.

Акцияға белсене қатысушы біз, жедел құтқару ұжымы, баршаны сақтануға шақырамыз. Осы мақсатта мектеп оқушылары арасында болып, лекция оқып, көпшілікке үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудеміз. Келеңсіз оқиға бола қалса (әрине ондай болмасын), жедел құтқаруға дайынбыз. Дегенмен, қатер аяқ астында. Сондықтан, қар астында, тік жар тұста, қамыс өскен жерде, тас қасында, жиналған ағаш түбірлері төңірегінде, өзен-көлдер сағасында мұз өте жұқа болатынын ескертеміз.


 

Байқаусызда мұз ойылып кетсе, ауыр жүкті тастап, қалыңдау тұсына шығуға тырысыңыз. Мұзға көлденең жатып, ойықтан алдымен бір аяқтап, сосын екіншісін суырып ойылған тұстан домалап, алыстау керек.Біреуге көмекке аяқ-қолды екі жаққа жайып, еңбектеп барыңыз. Шаңғы немесе тақтайшамен жылжып баруға да болады. Сосын, оған белбеу, арқан, болмаса таяқ ұстатып, жайлап тартасыз.Көмекке бір адам барғаны жөн. Ал бірнеше адам бірінің бір аяғынан ұстап жылжып барғаны дұрыс. Өйткені, жұқа мұз көтермейді. Негізі бір ғана адамды 6-7 см қалыңдықта қатқан мұз көтере алады. Мұз 9-12 см қалыңдаса ғана бірнеше адам қатар жүре алады. Ал, 15-20 см қалыңдықатағы мұз бір жеңіл машинаны ғана көтереді.

www.zhaikpress.kz

Мұқанғали ҒҰБАЙДУЛЛИН

Шалқар көліндегі №5 жедел құтқару

жасағының бөлім басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале