13.07.2015, 18:44
Оқылды: 23

«Жәннат» драмасы Зеленовта

Zelenov teatr Облыс орталығындағы қара шаңырақ қазақ драма театры жазғы гастрольдік сапарын Зеленов ауданынан аяқтады. Осыған дейін өңіріміздің барлық аудандарында болған театр ұжымы қазіргі режисер Мұқанғали Тұмановтың «Жәннат» драмасын ұсынды. Әкесінен айырған отбасының үлкен ұлы Сүйінші жат ағымға еріп, ата діннен безеді. Осы кезеңдегі үйдің шырқының бұзылуы мен ана мен бала арасындағы тартысқа, пікір қайшылықтарына құрылған драма көрермен қауымның көңілінен шықты. Әр көрініс сайын залдағы жұрт актерлердің шеберліктеріне қол соғып, қошеметтеп отырды.

Қойылымнан соң сахна төріне көтерілген аудан әкімі Кәрім Жақыпов театр ұжымына ризашылығын білдіріп, жақсы қойылымдар көп болсын деген ақжарма тілегі мен ықылас гүлін және театр директоры Қуаныш Амандықовқа аудан жұртшылығы мен әкімдік атынан алғыс хат табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале