13.09.2016, 10:44
Оқылды: 29

Жәнібекте Құрбан айт мерекесі ұлықталды

%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d0%b9%d1%82-%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%96-%d2%b1%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b  Аудандық мұсылмандар мешітінде Құрбан айттың алғашқы күніне орай мерекелік шаралар оздырылды. Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин мешітке келген көпшілікті қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, зор денсаулық тіледі.


– Құрбан айт – адамгершілік құндылықтарды қадірлеп, төзімділікті уағыздайтын ізгілік мерекесі. Ол татулық пен конфессияаралық келісімнің бір тетігі ретінде ел тарихында маңызды рөл атқарады. Құрбан айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандарыңыз қабыл болсын. Ұлық мереке мүбәрак болып, қашанда еңсеміз биік, татулығымыз баянды болсын! – деді аудан басшысы.

  Аудандық мешіттің бас имамы Есенболат Абдуғалиев жиналған қауымға айт намазының маңызы және құрбан шалу жайында уағыз айтқан соң, жамағат айт намазына тұрып, сәждеге жығылды. Айт намазы оқылып біткеннен кейін ырзық, ырыс үшін құрбан шалынды. Ауыл тұрғындары таңертеңмен мешітке құрбанға шалынатын қойын әкеліп, сойылып болған соң етін тұтастай да, бөлшектеп те аудан орталығындағы аз қамтылған отбасыларға үлестірілді. Бұдан соң сөз алған аудандық мешіттің бас имамы Есенболат Абдуғалиев барша жұртшылықты қасиетті ұлық мерекемен құттықтап, мешітке демеуші болып жүрген ауыл азаматтары мен дастархан басында жүрген қыз-келіншектерге ризашылығын білдірді. Шарада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасы мен аудандық мәслихат депутаттары атынан мешіт терезелеріне арналған перделер тарту етілді.

  Құрбан айт мерекесінде спорттық шаралар да ұйымдастырылып, көпшілік алдымен гір тасын көтеру бәсекесін тамашалады. Аталған сайыста бірінші орынды Ғиззат Баширов ұтып алса, екінші және үшінші орындарды сәйкесінше Бейбіт Аронов пен Сұлтанияр Ғұмаров иемденді. Пауэрлифтингтен өткен жарыста Серік Атиев жеңімпаз атанып, екінші орын Серік Самодияновтың еншісінде кетті. Қой көтеруден Ертай Жұмабай алдына жан салмай, көтерген қойын ұтып алды. Ал, арқан тартыстан аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бірінші орын, шекара қызметкерлерінен құралған команда екінші орын, аудандық мешіттің командасы үшінші орынды иеленді.

  Спорттық сайыстардың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткен соң, барша жамағат мешітте жайылған дастархан басына жиылды.

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале