15.06.2015, 17:39
Оқылды: 35

Замандас келбеті

 

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Сайқындық Айнагүл Темешеваның «Кулинария» ашқанына да бірталай уақыт болды. Бұрын жеке кәсіпкер Бибігүл Жұмағұлованың наубайханасында жұмыс істеген ол кейін жұбайы Сырым Сақыпқалиевпен ақылдасып, өз істерін бастады. Алдымен отбасы мүшелері  бірігіп, саман тас соғып, өз қолдарымен «Кулинария» ғимаратын тұрғызады. Қажетті құрал-жабдықтарды Ақсай қаласынан, ал, табаларды Оралдан алдыртып, нан, пирог, торт, бөлки, пицца, т.б. пісіріп, саттыққа шығаруда.

Қысқасы, кәсіпкердің әр күні бос өтпейді. «Кулинария» іші де талапқа сай жабдықталған, тап-таза. Еденге кафель төселген. Ал, пештен жаңа шыққан тағамдар әр үйдің дастарханында.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале