22.05.2015, 11:06
Оқылды: 36

Заманның сұранысына сай маман даярлау – ең бір көкейкесті мәселе

Akjayik zaman arnazina sai maman dayarlau    Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиев «Аудан колледждеріндегі мамандарды даярлау және оларды жұмысқа орналастырудың жайы туралы» тақырыппен ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, жеке кәсіпкерлердің, маңдайалды шаруалардың кеңейтілген кеңесін өткізді.

Аталған мекемелерде мамандар дайындаудың және оларды жұмысқа орнастыру жай-күйі аудандық мәслихат сессиясында қаралған еді. Сондықтан бұл бас қосуды соның қисынды жалғасы деуге болады.

Кеңесте Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Сабыров өз сөзінде  елімізде жастарға кәсіптік білім беру үрдісі жаңа деңгейге көтеріліп отырғанын жан-жақты баяндады. Бүгінде облысымызда 38 мемлекеттік және мемлекеттік емес колледждер жұмыс жасайды, оның 27-сі – мемлекеттік, 11-і – мемлекеттік емес. Бұрын-соңды мұндай кәсіптік мекемелерге қаржы бөлінбеуші еді, қазір дұрыс жолға қойылды. Бұл облыс әкімінің тікелей қолдауымен орындалуда.

Кеңеске қатысушылар жастарға техникалық және кәсіптік білім беру, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ауданның барлық жұмыс берушілеріне үндеу қабылдады.

Осыдан соң қатысушылар Ақжайық агротехникалық колледжінде болып, оның кабинеттері мен цехтарындағы заманауи жабдықтарымен танысты. Олар сондай-ақ, «БатысМарқаЛамб» ЖШС салып жатқан ет өңдеу кешенін аралап көрді.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале