12.02.2016, 9:52
Оқылды: 53

Зейнеткерлік жасқа толуына орай аудан әкімі құрмет көрсетті

Janakala aleumettik sala esepshisi   Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бухгалтері Дана Мәсәлімқызын зейнеткерлік жасқа толуына орай аудан әкімі Л.Хайретдинов қабылдады. Қабылдауға әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сапаров қатысты.


Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Л.Рашидұлы мерейтой иесінің ұзық жылғы еткен еңбегін бағалап, отбасына бақыт, деніне саулық тіледі. Сонымен қатар, қай-қай салаға да білікті есепші мамандар керектігін тілге тиек етті... Бұдан кейін аудан әкімінің орынбасары А.Бекетқызы сөз алып, жүрекжарды тілегін жеткізді. Қабылдау соңында Дана Мәсәлімқызына аудан әкімі гүл шоғын ұсынып, естелік сыйлық табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале