1.07.2015, 11:11
Оқылды: 58

Зейнет демалысына шығарып салды

Janibek zeinet demalisina shikti   Жәнібек аудандық статистика басқармасының бас маманы Әлібек Қаресовты   аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов, мекеме басшыларының қатысуымен  статистика басқармасының ұжымы  салтанатты жағдайда зейнет демалысына шығарып салды. Жақсылық Каримоллаұлы  Әлібек Қаресовке аудан әкімі Мұрат Мұқаевтың  алғыс хатын  табыстап, иығына шапан жапты.    

Басқарма басшысы Қуаныш Исмағұлов ұжым атынан Әлібек Қаресұлын құттықтай отырып, облыстық  статистика департаментінің  басшысы  А. Хамзиннің  алғыс хаты мен бағалы сыйлығын және аудандық статистика басқарамасы атынан алғыс хатты табыстады. Өз кезегінде мекеме басшылары мерейтой иесіне  тілектерін арнады.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале