9.12.2015, 13:09
Оқылды: 15

Зеленовта азық-түлік бағасы бақылауда

Zelenov azik tylik bagasi   «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы «Айқын тариф» партиялық жобасы аясында азық-түлік бағасын бақылауды жалғастыруда. Осыдан бір апта бұрын түзілген мониторингке қарағанда ауданда бағаның біраз тұрақталғандығы байқалады. Сондай-ақ дүкендердегі бағаның әркелкілігі едәуір теңестіріліп, бағаның жазылмауы, көкөністердің іріктелмеуі сынды олқылықтар түзетілген.


 

Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Н. Дүзбатыров, Переметный ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н. Анципрович, «Қазагромаркетинг» АҚ-ның кеңесші маманы А.Чиркова, Переметный округі әкімшілігінің бас маманы Г. Жұманиязова мен жергілікті баспасөз тілшілері ауыл дүкендерін шолу барысында әлеуметтік себет құрамына енген азық-түлік бағасы мен сапасын таразылап, дүкендердің санитарлық жағдайы, тұтынушылар құқығының қорғалуы мен сауда-саттық талаптарының орындалуын бақылады.

– Дүкен иелерінің мейрам қарсаңында азық-түлік бағасын негізсіз көтеріп жібермеуін қадағалау мақсатында мұндай шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Мұндай бақылау тек аудан орталығында емес, бастауыш партия ұйымы өкілдерінің  атсалысуымен әр округте жүргізілуде. Бұған кәсіп иелері де түсіністікпен қарап, барлық талаптардың тиісті деңгейде сақталуына мүдделілік танытуда. Әсіресе тұтынушылар көп келетін ірі дүкендердің санитарлық талапқа сай жұмыс жасауы қатаң бақыланады. Қазір дүкендерде көкөністерді әр тұтынушының өзі іріктеп алуына жағдай жасалған, ал іріктелгеннен қалдығын жаңартып немесе үстемелеп отыру басты талап. Біз, әрине, кәсіпкердің ісіне заңсыз араласа алмаймыз, белгіленген талаптарға сай жасалған ескертулерден нәтиже бар, - дейді филиал төрағасының бірінші орынбасары Н. Дүзбатыров.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале