12.02.2016, 15:32
Оқылды: 14

Зеленовта Ауған соғысына арналған шара өтті

????????????????????????????????????

   Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 27 жыл. Осы 9 жыл бір ай жарым уақытқа созылған соғыста болған әрбір жан үшін 15 ақпан басқа күндерден өзгерек. Өйткені дәл осы күні өздерінің интернационалдық борышын орындаушы жауынгерлер Ауған жерін тастап, елге оралды.


Аталмыш мерекеге орай Зеленов ауданы Переметный ауылындағы «Достық» үйінің ұжымы тамаша концерт ұйымдастырды. Аудан орталығында тұратын аудан соғысының ардагерлері, мектептер мен колледж оқушылары қатысқан шараның ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жәнібек Аманғалиев ардагерлерді мерекелерімен құттықтаса, көркемөнерпаздар «Ауған елі», «Дороги», «Белый танец» сияқты Ауған әндерін орындап, шара сәнін кіргізді.

   Концерт соңында сахна төріне көтірілген ауған соғысы ардагерлері концерт ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдіріп, жас ұрпаққа ақ баталарын берді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале