11.02.2016, 10:45
Оқылды: 19

Зеленовта кезектен тыс XVII конференция өтті

????????????????????????????????????

  «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалының кезектен тыс XVII конференциясы оздырылды.

Конференцияны аудандық партия филиалы төрағасы Кәрім Жақыпов  ашып, жүргізді.


Басқосуда алғашқы қаралған мәселе бойынша  аудандық партия филиалы төрағасының бірінші хатшысы Нұржан Дүзбатыров «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты партияның сайлауалды бағдарламасы  хақында баяндама жасады.

-«Нұр Отан» партиясының ХVІІ съезінде Елбасы – партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ел назарына сайлауалды бағдарламаны ұсынды. Оның негізгі басымдығы дүниені шайқаған дағдарыстан оңтайлы шығу, ол үшін жаңа жол, тың бағыт іздеу. Бұл уәделер жиынтығы емес, тұтас елдің алдағы бес жылдағы бағыт-бағдарын, болашағын бағамдаған құжат. Бағдарламаның көтерген мәселесі, қойған міндеттері мен нұсқаған жолы Елбасының бұған дейінгі ел халқына ұсынып келе жатқан пікірлерімен үндес, - деді өз сөзінде.

Сонымен қатар жарыссөзде партияның сайлауалды бағдарламасын қолдап, ойларын ортаға салған аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмағұлов, мәслихат депутаты В.Козин, Қ.Аманжолов атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Г.Бекташевалар оның жүзеге асуына өз үлестерін қосатынтындықтарын жеткізді.

Сондай-ақ, жиында аудандық филиал Саяси Кеңесі және Саяси Кеңес Бюросы сайланып, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер ұсынылып, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XVIII конференциясына 14 делегат сайланды.

www.zhaikpress.kz

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале