20.12.2015, 13:11
Оқылды: 213

Зеленов аудандық «Ауыл тынысы» газетінің 75 жылдығы аталып өтілді (ФОТО)

auil tinisi01  Зеленов аудандық мәдениет үйінде аудандық «Ауыл тынысы» газетінің 75 жылдығы аталып өтілді.

Батыс өңіріндегі барлық басылымдардың беташары «Қазақстан» газеті (1911-1913) туралы деректі фильм, «Ауыл тынысы» жөніндегі сахналық көрініспен басталған кеште ақ тілектер айтылып, аудан әртістері өз өнерлерін көрсетті.


Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов, «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Ғайсағали Сейтақ, өңірге танымал кәсіпкер, Орал қаласындағы «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің құрылтайшысы, облыстық мәслихаттың депутаты, техника ғылымдарының кандидаты Ақсерік Әйтімов, Теректі аудандық «Теректі жаңалығы», Тасқала аудандық «Екпін» газеттерінің бас редакторлары Нұрзия Сисенбаева, Назгүл Жәрдемова және басқалар ізгі ниеттерін жеткізіп, тарту-таралғыларын табыс етті.

auil tinisi02

   Шара барысында газет ардагерлері мен жанашырларына, қазіргі қызметкерлері мен белсенді авторларына құрмет көрсетілді.

auil tinisi03

   Айта кетейік, аудандық газет 1940 жылы қараша айында алғаш «Большевистский путь» деген атаумен жарық көрген. Содан бері атаулары бірнеше рет өзгерген басылым кейінгі жылдары «Ауыл тынысын» иеленіп, «Жайық Пресс» ЖШС құрамына енді. Қазақ және орыс тілінде шығатын газетке осы кезге дейін Нұржан Дүзбатыров басшылық етіп, басылым тігінділерін мұрағаттардан тауып, түгендеу, сондай-ақ аудан аумағындағы көне құлпытастарды зерттеу жұмыстары қолға алынды. Күні бүгін жас журналист Самал Жамет жетекшілік ететін газет ұжымы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес бұқаралық ақпарат саласында мемлекет саясатын жүргізуге өз үлестерін қосып, жаңашылдықпен жұмыстануға ұмтылыс танытып келеді.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале