1.07.2015, 10:27
Оқылды: 34

«Зеленов ауданы әкімі аппараты»

«Б» корпусы бойынша  бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыру

 

«Зеленов ауданы әкімі аппараты» ММ: 090600, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі 139, 2 қабат, 19 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8-(71130) 22-2-25,  электрондық мекен-жайы [email protected] бос мемлекеттік  әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

 

  1. Аудан әкімінің аумақтық-экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Санаты E-1. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 115954 теңгеден 156314 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Ауданның экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын орындауды қамтамасыз ету, ауылдық аумақтарды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын орындауды бақылау. Аудан аумағында экономикалық жоспарлау, қаржылық және салық саясаты мәселелері. Аудан бюджетінің орындалуын бақылау. Аудан әкімінің іс-әрекет жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру. Агроөнеркәсіптік кешен мәселелерін дамыту. Барлық меншік түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметіне басшылық ету. Шағын, орта бизнесті дамыту және экономикалық мониторинг мәселелері.

 

Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар:   Әлеуметтік ғылымдар және бизнес, құқық, ауылшаруашылық ғылымдары,  қызметтер, ветеринария мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

-  мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

- жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

-  мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

-  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар мен сарапшыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурсқа құжат тапсыру барысында шетелдік оқу орындарын бітірген азаматтар білімі бойынша құжаттарын нострификациялау рәсімінен өткізу қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы  толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық адресіне жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 күн ішінде конкурс жариялаған Зеленов ауданы әкімінің аппаратында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале