27.04.2016, 15:40
Оқылды: 16

Зеленов ауданы әкімі Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан жауынгерлермен жүздесті

????????????????????????????????????

       Биыл Чернобыль атом элекр станциясында болған қайғылы жағдайға 30 жыл. Қанша уақыт өтсе де оқиғаның жаңғыры ұмытылмақ емес.


    Сұм апат зардабында қаза болғандарды еске алу күніне орай аудан әкімі Кәрім Жақыпов апатты залалсыздандыруға қатысқан жерлес азаматтарды қабылдап, құрмет көрсетті.

         -Осыдан 30 жыл бұрын Чернобыль қаласындағы апат мыңдаған адамның өмірін қиды. Апат зардабын жоюға 32 мың қазақстандық қатысқан болатын. Адамзат тарихындағы осы оқиға әрбір қазақстандықтың жадында мәңгі сақталмақ. Қазіргі кезде ауданымызда Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан 27 жауынгер өмір сүруде. Бүгінгі жүздесуді пайдалана отырып, ауданымыздың қоғамдық саяси жұмысында белсенділік танытып жүргендеріңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Егемен еліміздің игілігін бірге көрейік, - деді аудан басшысы.

         Жүздесу барысында ғасыр апаты жайлы айтылып, еркін әңгіме өрбіді.

    Сондай-ақ, Кәрім Кәрімоллаұлы апатты залалсыздандыруға қатысқан барлық азаматтарға «Ақ Жайық» сауықтыру кешеніне  жолдама берілетіндігін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Динара ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале