24.10.2016, 18:23
Оқылды: 25

Канадалық техник – Қаратөбе өңірінде

%d0%ba%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d1%82%d0%b5%d1%85%d0%bd%d0%b8%d0%ba-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%82%d3%a9%d0%b1%d0%b5-%d3%a9%d2%a3%d1%96%d1%80%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5  Канадалық волонтер Рон Джемсон облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы ұйымдастырған «Sinior» бағдарламасы бойынша өзара тәжірибе бөлісу мақсатында Қаратөбе ауданында болды.

Тәжірибелі инженер-химик, инженер-техник Р.Джемсон ауыз судың маркетингі, суды жарнамалау, онымен жұмыс жасау жолдары жөнінде қаратөбелік мамандармен кездесіп, өзіндік тәжірибесін ортаға салды.


«Дем» ауыз су өндіру цехының басшысы Сержан Ашығалиевтің кәсіпорынында болып, цех жұмысымен танысты.

С.Ашығалиевтің айтуынша, канадалық маман Қаратөбенің жергілікті жерасты суының құрамын бағдарлап, мақтауын жеткізген.

Қазақстанға алғаш сапарлап отырған Рон Джемсон қазақтар жайлы, олардың қонақжайлығы туралы әңгіме қозғап, дастарқан басында домбыра шертіп те көрді.

Сапар барысында шетелдік техник кәсіп көзін жетілдіру бағытында соның ішінде, сусын шығару турасында болашақ-жоспарларымен бөлісіп, тиімді техникамен жұмыс жасау, оның тиімді тұстары турасында ақыл-кеңесін айтты.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале