5.08.2016, 17:55
Оқылды: 16

Облыстық коалициясының отырысы өтті

IMG_8824Бүгін "Қазақстан - 2050" демократиялық күштердің Батыс Қазақстан облыстық коалициясының отырысы өтті.

Отырысты "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Мағжанқызы кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.
Басқосуда "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағытының (16-34 қадамдар) жүзеге асырылуы жайында облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Нағашыбаев баяндаса, облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Манарбек Ғабдуллин құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қолға алынған профилактикалық шараларды тілге тиек етті.  IMG_8838

Сонымен қатар, Елбасы мораторий жариялаған ҚР Жер Кодексінің нормаларын талқылау жəне түсіндіру бойынша атқарылған іс-шараларға облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Əлия Мұхамбетжанова тоқталды.
Отырыста коалиция мүшелері күн тəртібіне ұсынылған мəселелерді талқылап, пікірлерін ортаға салды.

Нұртай Текебаев
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале