15.03.2016, 20:34
Оқылды: 31

Комиссияның кезекті отырысы

????????????????????????????????????

  Комиссия төрайымы, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалығымен Жалпақтал ауылдық округінің әкімшілігінде аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.


Бұл жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары, Жалпақтал полиция бөлімінің басшысы және Жалпақталдағы орта білім беретін мектептің педагогтары қатысты. Шараны өткізудегі басты мақсат  кәмелеттік жасқа толмағандарды қадағалап, тәртіп бұзушылық пен қылмыстарды болдырмау, сондай-ақ оқушылармен және ата-аналар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу. Аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Әділ Мырзағалиев «Аудандық білім беру мекемелерімен сенім жәшігі бойынша атқарылған жұмыстары туралы» хабарлама жасады.

Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселесі комиссия жұмысында кеңінен талқыланды. Отырыста ұсыныс-пікір айтылып, өз ойларын ортаға салды. Отырыс барысында комиссия төрайымы Зәйлім Исатайқызы: "біздің басты мақсатымыз сіздермен пікірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу. Тәртіпке шақырып, еліміздің тыныштығын сақтау. қылмысты болдырмау мақсатында оқушылармен түсінік жұмыстарын уақытылы жүргізу»,-деді.

Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Зәйлім Мәжитова қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале