25.05.2016, 19:42
Оқылды: 60

Кітапханашыларға марапат

Janakala kitaphanashilarga marapat   21 мамыр - Қазақстан Республикасындағы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Биыл аталмыш мереке бесінші рет тойлануда. Осыған орай, бүгін Жаңақала ауданындағы рухани орталықта аудан кітапханашыларына арналған салтанатты шара болып өтті. Салтанатты кешке қатысқандарды аудан әкімі Л.Хайретдинов құттықтап, сөз сөйледі.


   -Кітапхана ең мықты мамандық. Қиындығы да, қызығы да мол. Осы саланың ыстық-суығына төзген ардагер кітапханашылар ортамызда отыр. Бүгінде аудан кітапханашылары өздеріне жүктелген міндетті лайықты орындап жүр.Оған ауданымыздаашылған бұрын соңды болмаған, рухани орталық, мобильді кітапханаларкуә. Аталмыш іс келешекте де жарасымды жалғасын таба берсін. Осы салаға бар ынта-жігерін салып жүрген барлық мәдениет қызметкерлеріне денсаулық, табыс тілеймін, -деген аудан басшысы бір топ кітапханашыларға Алғыс хат табыстады.

  Оның ішінде «ҚР Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Асқар Әлібек Асылбайұлының Алғыс хатымен ауданық орталықтандырылған кітапхана директоры Дина Мұқашева, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың директоры Роза Әренқызының Алғыс хатымен кітапханашылар Заря Жардемова мен Әдемі Нұрмұханбетова, аудан әкімінің Алғысхатымен ардагер кітапханашылар Балдай Әліпқызы, Айбарша Сұлтанова, Баян Талапқызы, тағы басқалар бар. Сонымен қатар кітапхана саласының дамуына қосқан үлесі үшін Пятимар мобильді және Мұқыр кітапханалары «Үздік кітапхана», «Үздік оқырман» аталымымен Жұмағұловтар отбасы марапатталды.

   Салтанатты шара кітапханашылардың ән-жырымен көркемделді.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале