9.06.2016, 18:27
Оқылды: 79

Күй сайысы мәресіне жетті

Dina  Қаламыздағы Жастар мәдениет үйінде күй анасы Дина Нұрпейісова мен күйші-композитор Сейтек Оразалыұлының 155 жылдығына арналған «Күй құдіреті» республикалық домбырашылар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және гала концерті өтті.


    Сайыс қорытындысы бойынша Азамат Қалиев (Бөрлі ауданы), Назерке Базарбаева (Атырау қаласы), Мадина Даненова (Қостанай қаласы) III дәрежелі диплом және 75 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болса, Дарын Құдайберген (ШҚО) мен Әділбек Қодаров (Астана қаласы) екінші орын иегері атанып, 100 мың теңгеден ақшалай сыйлықпен марапатталды. Астана қаласынан келген Гүлдана Нұрабаева бірінші орын және 150 мың теңгеге ие болды. Байқаудың Бас жүлдесі және 300 мың теңге ақшалай сыйлық сайысқа Алматы қаласының атынан қатысқан Азамат Шынаровқа бұйырды. Бас жүлдегерді марапаттаған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрағасы Қырымгерей Қажымов жас таланттарға сын-ескертпелері мен ақыл-кеңесін айтып, болашақтарына сәттілік тіледі. Байқаудың алғыс хат иегерлері 10 мың теңге, ал дипломанттары 30 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

    Гала концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Орынбай Дүйсен, Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің директоры Нұрғиса Дәуешов, байқаудың арнайы шақырылған қонағы Айтолқын Тоқтаған, күй жанашыры, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов, сондай-ақ, байқау лауреаттары өнер көрсетті.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

Орал өңірі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале