25.07.2016, 10:57
Оқылды: 45

«Күміс алқа» табыс етті

«КҮМІС АЛҚА» ТАБЫС ЕТТІЖалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин көп балалы ана Мейрамгүл Жасмұханбетоваға «Күміс алқа» табыс етті.


Мейрамгүл Смағұлқызы - өте еңбекқор ана. Бүгінде жолдасы екеуі «Өрлеу» бағдарламасымен несие алып, кәсібін өрге домалатып отырған жанұялардың бірі.
Салтанатты шарада аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина, Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Айбек Керешов сөз алып, «елімізде осындай ақ жаулықты аналарымыз аман болып, қоғам тұтқасының берік болуы үшін күш-жігерлеріңіз мықты болсын» деген лебіздерін білдірді.

Жұлдыз АСҚАР
Қазталов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале