17.06.2016, 12:27
Оқылды: 27

Күн тәртібінде – тауардың сапасы, қауіпсіздігі

kun tartibinde tauar sapasy  2015 жылдың қарашасынан 2016-ның сәуіріне дейінгі аралықта тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі Ақжайық аудандық басқармасына өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу жөнінде тиісті департаменттен 6 тапсырма түскен еді. Сол аралықта тексеру жүргізілген кезде таңбалануына сәйкес емес өнімдерге қатысты 11 ұйғарым берілген. Соның 10 жағдайында өнімнің қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттар ұсынылды, ал біреуіне құжат ақыры жоқ болғандықтан, кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.


  Аталған кезеңде сондай-ақ сауда субектілеріне жоспардан тыс 4 тексеру ұйымдастырылды. Оның барысындағы санэпидемиологиялық сараптау кейбір өнімдегі қауіпсіздіктің сәйкессіздігін анықтады, азық-түлікті қажетті құжаттарсыз сақтап және сатқан бір кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

   «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңға биылғы сәуірде енгізілген өзгерістерге, қосымшаларға сәйкес, саладағы орган енді қажетті жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қозғап, белгіленген техникалық регламент бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, сотқа да жүгінуге құқылы. Осы және өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг туралы аталған басқарманың, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілдері аудан ауылдарында бүгінде тұрғындармен, кәсіпкерлермен «дөңгелек үстел» мәжілістерін өткізуде. Мысалы, осыған дейін Чапаевта, Жаңабұлақта өткен осындай бас қосуларда жеке кәсіпкерлер біраз түйінді мәселе көтерді. Айталық, олар өнімді көтерме нүктелерден алады, көп жағдайда қолдарына тиісті сертификат берілмейді, берілсе де, бұл құжат сапаға кепілдікті қамтамасыз етпей жатады. «Осы жағдайды қалай түзеп, реттеуге болады?»,- деген сұрақтар көтерілді. Жеке кәсіпкерлердің айтуынша, олардың мүддесін қорғайтын ұйымдар қажет болған жағдайда мәселені жоғарыға күн өткізбей жеткізгені абзал.

www.zhaikpress.kz
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале