12.08.2016, 17:36
Оқылды: 17

Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен Кенесары ханның басын қайтару мәселесін талқылады

Medvedev Masimov  ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзі уәде еткендей, РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшылары Кенесары хан мен Кейкі батырдың мүрделерін елге қайтару туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды pm.kz.


  Дмитрий Медведев  бұл мәселені анықтап, шешу үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты.

  «Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламын», - деп жауап берді Д.Медведев К.Мәсімовтің ұлт көсемдерінің мүрделерін көму үшін Қазақстанға қайтару туралы өтінішіне.

   Бұдан бұрын Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен аталмыш жәдігерді қайтару туралы мәселені талқылайтыны туралы өзінің Туиттерінде жазған еді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале