23.07.2015, 18:32
Оқылды: 18

Кәсіпкерлерге кеңес берді

Zelenov kasipkerge kenes   Еліміздің даму қарқынын жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын арттырудың бір тетігі шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Мемлекеттің бұл саланы қамқорлыққа алып, қолдау таныту аясы жыл санап кеңейіп келеді. Осы орайда мемлекет тарапынан жасалатын қолдау-көмектердің талаптары мен қаржы орталықтарының ұсынатын қызметтерін кәсіпкерлер мен кәсіп ашуға ниетті жандарға ұдайы түсіндіріп отырудың маңыздылығы зор.

Бүгін Зеленов ауданында "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру бойынша аудан кәсіпкерлеріне түсіндіру мақсатында кеңейтілген кеңес өтті. Аудан әкімі К.Жақыповтың төрағалығымен өткен кеңеске БҚО Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Абсатиров, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры БҚО филиалының директоры Ербол Иденов және "Халық Банкі", "Сбербанк", "Банк Центркредит", "Цеснабанк" өкілдері қатысып, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қызмет түрлерімен бөлісті.

"Биснестің жол картасы - 2020" бірыңғай бағдарламасының төртінші бағытын іске асыру туралы баяндама жасаған К.Абсатиров кәсіпкерлік палатасы ұсынатын қызмет түрлеріне кеңінен тоқталып, аудан тұрғындарының кәсіпкерлікке деген белсенділігін ерекше атап өтті. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын кеңінен пайдаланып отырған аудан тұрғындары көптеген ірі бизнес жобаларды іске асыруда.

www.zhaikpress.kz

НҰРЖАН ДҮЗБАТЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале