24.06.2015, 23:54
Оқылды: 21

Кәсіп ашам дегендерге кеңес

Zelenov seminar  Зеленов аудандық кәсіпкерлер палатасында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының  «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында  кәсіпкерлерге қаржылық емес көмек көрсетуге бағытталған екі күндік семинар өтуде.

Ауданның барлық округтерінен келген 30-ға жуық кәсіпкерлер мен кәсіп ашуға ниетті тұлғаларға бизнес ашудың қыр-сырын үйретуге бағытталған семинарды БҚО кәсіпкерлер палатасының  сарапшысы Жанар Досалиева, «Даму» қорының бизнесті жоспаулау кеңесшісі Әсел Ғаббасова, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының несие менеджері Мира Мұрзағалива және бизнес тренер Нұрлан Абрахманов жүргізуде. Қатысушыларға кәсіп ашар кезде нені ескеру керектігінен бастап, қанша қаражат жұмсау қажеттігі мен бұл жолда кездесетін қиындықтар туралы кең мағлұмат берілуде. Семинар аяқталған соң барлық тыңдаушыларға семинардан өткендігі туралы сертефикат беріледі.

«Бизнес-кеңесші бұл - кәсібін жаңа бастаған және бастамақ ниетте жүрген тұлғаларға бизнестің қыр-сырын түсіндіруге бағытталған жоба. Екі күндік курс тек жұмыс жасап жатырған кәсіпкерлер үшін ғана емес, кәсібін енді бастаған жандарға зор пайдасын тигізеді деген сенімдемін»,-дейді аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсел Қартқожақова

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале