5.08.2015, 9:10
Оқылды: 86

«Көзімнің қарасы» атты ән орындаушылар байқауы

Akjayik kozimnin karasi    Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта Ұлы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Көзімнің қарасы» атты ән орындаушылар байқауы өтті. Оған 10 ауылдық округтен бір-бірден үміткерлер қатысып, өз бақтарын сынады.

Терең ойшыл, саңлақ саясаткер, алымды ағартушы, қазақтың реалистік жазба әдебиетінің негізін қалаушы Ұлы тұлғаның қырын жан-жақты ашуда байқаудың орны зор. Ән мерекесі кемеңгер жанның міне, үш ғасыр жүгін арқалаған әуезді әндерін халықпен қауыштыру, құдіретті саз арқылы ғажайып суреткерлік бейнесін, сөйтіп, оның өшпес өнегесін кейінгі ұрпаққа жаңғырта жеткізуді мұрат тұтты. Ақынның ойлы лирикалы туындылары қашанда халықпен бірге жасасып келеді. Мұны сахнаға шыққан өнерпаздар кеңінен әңгімелей білді.

Сыншыл, көреген Абайдың мысалы, «Өзгеге көңілім тоярсың» әнін орындауда әннің туу тарихын сыршыл сезім әуенімен әлдилей білген базартөбелік Жұлдыз Алдашева көпшіліктің ықыласына бірден бөленіп, І орынды жеңіп алды. Алғабастық Серікқали Аяпқали «Күйесің жүрек» әнін нақышында жеткізе біліп, ІІ орын алды. Есенсайлық Тоқтар Мырзағалиев ғұлама атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен тылсым табиғаттың тілін дәл басып, тыңдармандардың ерекше қошеметіне бөленді. Ол ІІІ орынды иеленді .

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале