19.05.2015, 17:59
Оқылды: 12

Көлік ұрлаған қолға түсті

08 mashina   15 мамырға қараған түні қаладағы Еуразия даңғылының бойындағы ауладан «ВА2108» автокөлігін айдап әкеткен. Автокөлік сол күні «Көктем» саяжай қоғамы ауданынан табылды. Қала тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысы бар қылмыскерді іздеуге шара қолдана бастайды. Екі күннен соң криминалдық полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында ұры ретінде есепте тұрған 17 жасар жігітті қолға түсірді. Тергеу барысы кезінде ол жасаған әрекетін мойнына алды. 

Сондай-ақ, сол түні Қ.Аманжолов көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласынан  «Фольксваген Пассат» автокөлігінің құлпын бұзып, ішінен автомагнитолласын қолды қылған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп, жәбірленушіге келтірген шығындарын анықтауда. ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабы 1-бөлімі және 188-бабы бойынша қылмыстық іс жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале