15.01.2016, 12:11
Оқылды: 17

Көңіл жібіткен қамқорлық

2016-01-15 13.50.53Биылғы боранымен келген қыстың қуыс-қолтықты толтырған қалың қары кімді де болса шаршатқаны рас.


Сенері жоқ жалғызілікті қарттарға көмек қолын созу мақсатында Л.Қылышев атындағы орта мектептің тәлімгері Аймырза Лекерұлының және аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айдос Хаировтың бастамасымен мектептің 10 сынып оқушылары қатысқан «Үлкенге-құрмет, кішіге-міндет» ұранымен қамқорлық акциясы ұйымдастырылды.

2016-01-15 13.50.25И.Тайманов көшесінің тұрғыны, тыл ардагері Мария Бондарева әжейдің үйіне барған олар ауланы басқан қалың қардан тазартты. Сөйтіп, қиындықтан қажыған, жалғыздықтан жабырқаған кейуананың көңілін көтеріп, ризашылығын алып қайтты.

www.zhaikpress.kz

А.Лекеров,

тәлімгер

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале