8.10.2015, 18:16
Оқылды: 17

Ларгусын мініп кеткен

Lada largus    Үстіміздегі жылдың тамыз айында Зеленов ауданы Переметный ауылы маңында Орал-Саратов тас жолын торыған қарақшылар РФ Саратов облысы Алғай ауданының тұрғыны Жанболат Сүндетовке тиесілі Лада-Ларгус автокөлігін иемденіп алған.

Оқиға салдарынан жәбірленуші 1 миллион 800 мың шығынға батқан.

Ішкі істер бөлімі қызметкерлері жүргізген тергеу барысында Переметное ауылының 1984 жылғы Р. есімді тұрғыны қолға түсті.

Тергеу амалдары жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале