5.04.2016, 16:03
Оқылды: 69

Марат Тоқжанов БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Togjanovvv     ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен Марат Лұқпанұлы Тоқжанов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.


     М.Л.Тоқжанов 1965 жылы Теректі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Ол 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары.

 2008-2010 жылдары Шыңғырлау ауданының әкімі

 2010-2012 жылдары БҚО білім басқармасының бастығы.

 2012-2013 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы.

2013 жылдан бері Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Марат Лұқпанұлы әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелерімен айналысатын болады.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале