15.06.2016, 14:16
Оқылды: 30

«МегаОптика» көмек көрсету орталығы Шыңғырлауда...

mega optika  Шыңғырлау ауданы орталығында көшпелі көмек көрсету орталығы тұрғындарға қызмет көрсетуде. Кешенді орталық көз ауруларына тексерулер жүргізіп, дәрігерлік кеңес береді, көз аясының қан қысымын өлшейді, көру қабілеті нашар жандардың көру деңгейін дәл анықтап, 15-20 минут ішінде күрделілігі әртүрлі көзілдіріктер мен көзілдірік құрсауларын дайындап береді.


   Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласынан шыққан «МегаОптика» орталығы бұған дейін Атырау, Ақтау қалаларында болып БҚО-ның Орал, Ақсай қалаларында, Жалпақтал аудандарында болыпты. Бүгінгі таңда Шыңғырлау ауданына ат басын бұрған олар, бұл жерде аптаның аяғына дейін аялдайтындарын айтып отыр. Көшпелі кешенде бас дәрігер, офтольмолог Зарина Муканова,  оптика шебері Бағлан Әуелбеков және Нұрсұлтан Мұрадымов халыққа өз қызметін ұсынуда.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале