8.08.2016, 12:40
Оқылды: 46

Қараобада «Мектепке Жол» акциясы аясында 176 мың теңгенің сыйлығы жасалды

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 176 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ СЫЙЛЫҒЫ ЖАСАЛДЫТоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 6 тамыз күні Қараоба ауылындағы Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназияда қайырымдылық шарасы өтті. Бұл акцияның басты мақсаты – балаларды орта біліммен қамтамасыз етуге толық жағдай жасау.

Шараға қатысқан аудандық мәслихат депутаты Г.Көшбаева, Қараоба ауылдық округінің әкімі Н.Дүйсеков, мектеп-гимназия директоры Р.Жұмағұлов шараға қатысушыларға:

-Көмекке зәру әр балаға мектепке дайындалуға қолдау көрсетеміз. Бастысы,  біздің балаларымыз жақсы оқып, ата-аналары мен мемлекеттің үмітін ақтаса игі, -деп атап өтті.

Қайырымдылық шарасы барысында аудандық мәслихат депутаты Г.Көшбаева 3 оқушыға өз атынан мектеп формасын алып беріп, 36 мың теңге көлемінде демеушілік жасаса, «Леди Лиза» жеке кәсіпкерлігі, «Асқар тау» әкелер клубы, «Ибат» шаруа қожалығы  да 3 оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар аудандық газ шаруашылығы, Қараоба ауылдық округ әкімшілігі, ауылдық мәдениет үйі, медициналық пункт, мал дәрігерлік, электр торабы бөлімдері және «Арай» балабақшасы мен мектеп ұжымдары, «Дулат», «Ерғазы», «Арсен» шаруа қожалықтары балалараға оқу-құрал жабдықтарынан демеушілік көрсетті.

Акция барысында 176 мың теңге көлемінде сыйлық жасалды.

Шара барысында оқушылар әсем ән мен тәтті күйден шашу шашып, мың бұрала би биледі.

Шаттыққа бөленген жасөспірімдердің қайырымды жандарға алғыстары шексіз. Қайырымдылық шарасы әлі де жалғасын табатын болады.

Мөлдір Әнуарбекқызы

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале