13.05.2016, 17:08
Оқылды: 42

«Мектеп формасы-2016» көрмесі өтті

 Mektep formasi    Облыстық қазақ драма театрында облыс әкімдігі және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен  «Мектеп формасы-2016»  атты  облыстық көрме өтті.   Жыл басында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру мекемелеріндегі міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіткен еді.


     Сол талаптың ішінде мектеп формасының түсін, фасонын, юбканың ұзындығын таңдауды білім беру мекемелері мен қоғамдық кеңес айқындап, ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітілетіндігі және мектеп формасына өзгерістер енгізу қоғамдық кеңеспен келісіп қабылданатындығы туралы айтылған. Осыған сәйкес қазақ драма театрында өткен облыстық көрмеге отандық өндірушілер де қатысты. Қаламыздан көрмеге арнайы келген 9 жеңіл өнеркәсіп өндірушілердің мектеп формасы коллекцияларының үлгісі көрсетілді.  Олар бастауыш сыныптың, орта буын және жоғары сыныптың оқушыларына арналған мектеп формасының үлгілерін көрсетті. Көрмеге аудан-қаладағы мектеп басшылары және ата-аналар арнайы қатысты.  Жалпы өткен жылы облыстың 138 мектебінде мектеп формасы енгізілген.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале