Ақпан айының 17-де Подстепный селолық округінде «Мәңгілік ел идеясы – ұлт құндылығы» тақырыбымен «25 жылдыққа - 25 танымдық шара» патриоттық акциясы аясында басқосу өтті.
Жиынды облыстық тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінің бас маманы Гүлнар Әлжанова ұйымдастырды. Сонымен бірге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Венера Шиншараның қонағы болды. Аталмыш акция Подстепный қазақ ЖОББМ-нің 9-10-сынып оқушыларына, Теректіколледжінің студенттеріне және Федоров қазақ мектебінде оздырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – өз ұлтымыздың қазақ екенін айқындайтын тәуелсіз елдің ұланын тәрбиелеу.
16 жасқа толған соң, құжатқа тапсырыс беру кезінде осындай қателіктерді болдырмау мақсатында жүргізілген үгіт-насихат әсерлі өтті. Елбасымыз да ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, іске асыру жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын. «Егер әр адам тегін, есімін ауыстыруға ниет қылса, әр кезде де кеш емес. Төлқұжат өмірлік айна, ал есім - елдіктің белгісі,» - деп Гүлнар Жәрдемқызы сөзін аяқтады. Оқушылар да көкейіндегі сұрақтарын қойды.
Тәуелсіз елдің төл ұрпағы атанғымыз келсе, осы істі қазірден бастап қолға алайық.
Күлімхан МАХМЕТҚЫЗЫ