14.12.2015, 18:55
Оқылды: 33

«Менің елім - мәңгілік ел»

Menin elim01         Тәуелсіздік күніне орай «Менің елім - мәңгілік ел» атты облыстық жастар форумы өтті.

     - Бүгінгі форумның мақсаты - жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер-қуатын біріктіру. Сіздер - жаңа Қазақстанның алғашқы буынысыздар. Бүгінде тәуелсіздіктің құрдастары мектепті бітіріп, жо­ғары оқу орнын тәмамдады. Маман болып, өмірге толығымен ара­­­ласты. Құндылықтарды ұлық­­­тай білу - әрбір жастың, бар­ша­мыз­дың жауапкершілігіміз. Біздің тарихымыз бірігудің тарихы еке­нін әрдайым есте сақтау керек.

    Облысымыздағы жастардың са­ны 150 мыңға жетті. Білім, мәде­ниет, өнер, спорт, бизнес, басқа да түр­лі салада жастар өздерінің ор­нын тауып қана қоймай, өңі­рі­міз­дің абыройын асқақтатып жүр. Еліміздің тәуелсіздігі тұғыр­лы да баянды болсын! - деген об­лыс­тық жастар саясаты мәсе­ле­ле­рі басқармасының басшысы Азамат Айтуев мереке қарса­ңында бірқатар белсенді мектеп оқушыларына ҚР азаматтығын растайтын жеке куәлік табыс етті.

Menin elim02

    Сахна төріне әр түрлі салада белсенділік танытып жүрген үл­гі­лі жастар - форум делегаттары көтерілді. Олар облыс жастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, игі тілектерін арнады. Форум бары­­сы жергілікті жас өнерпаздар­­­дың ән-биімен өрілді.

 www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале