10.08.2015, 20:21
Оқылды: 12

«Мен сені сүйемін, Шыңғырлау»

ШынгырлауБүгін Шыңғырлау аудандық саябағында «Мен сені сүйемін, Шыңғырлау» атты жазба орнатылды.

Кеш түсіп, қараңғылық қоюланған кезде жарқырап, жан жағына сәулесін шашып тұратын ол түнгі Шыңғырлауға ерекше көрік береді.

Шыңғырлаулықтардың бойында елжандылық сезімін ояту мақсатын ұстанған бұл шара аудан әкімі А.Халеловтің қолдауымен, аудандық балалармен мектептен тыс жұмыс орталығының ұстаздары Н.Есенов пен М.Ғалымжановтың шығармашылығымен жүзеге асты.

www.zhaikpress.kz

Қ.Есенов,

балалармен мектептен тыс

жұмыс орталығының директоры

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале