26.08.2015, 16:35
Оқылды: 47

МЕРЕЙЛІ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

БектемировБөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Сафималиев «Ауған соғысы ардагерлерінің және мүгедектерінің» қоғамдық қорының төрағасы Жетпісбай Бектеміровті қабылдап, мерейлі 55 жасымен құттықтады.

«Біздің ауданымыз үшін елеулі еңбек атқарып жүрген азаматтардың бірісіз. Одан бөлек ауданымызда 16 жыл бойы «Ауған соғысы ардагерлерінің және мүгедектерінің» қоғамдық қорын басқарып келесіз. Сізді сыйлы басшы ретінде баршамыз құрметтейміз. Биылғы жылы Сіздің ұйымдастыруыңызбен аудан жасөспірімдерінің бос уақытын тиімді пайдалану, Отанын сүю мақсатындағы ашылған далалық лагерь - жарқын ісіңіздің нәтижесі.  Сіздің отбасыңызға тек қана жақсылық тілеймін. Мерейлі жасыңыз құтты болсын!» - деп аудан әкімі М.Түсіпқалиевтің атынан Азамат Сафималиұлы құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстады.

Мерейтой иесі Жетпісбай Жүнісбекұлы «1985 жылы Бөрлі ауданына жолдамамен келген болатынмын. Жұмыс барысымен осы жерде тұрақтап қалдық. Биылғы жыл отбасымыз үшін қуаныштарға толы жыл болып отыр. Менің 55 жылдық мерейтойыммен бірге жұбайымыз екеуміздің отбасы болып, шаңырақ көтергенімізге 30 жыл, яғни інжу тойымызды да тойлап жатырмыз», - деп аудан басшыларына үлкен алғысын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале