29.09.2015, 11:02
Оқылды: 20

Мешітке Құран кітабын сыйға тартты

Kaztalov meshitke kyran kitabin siga tartti    Саратов губерниясы Новоузенск (Шортанды) қаласының 180 жылдық мерекелік тойында Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр мешітке Құран кітабын ескерткіш сыйлыққа тартты. Құрбан айт мейрамы кезінде тапсырылған бұл сыйлыққа қаланың иісі мұсылман бауырлар қатты риза болды. Новоузенск қаласы мешітінің имамы Жамалиддин Давлатов хазрет Қазталов ауданы басшысына өз рахметін жеткізіп, бұл мешіттің ашылуына қазақ бауырымыз Нариман Шалабаевтың көп еңбек сіңіргенін жеткізді.

-Қазіргі күнде мешітте Нариман хазреттің есімін үлкен құрметпен еске алады. Нариман Нұрашұлын еске алып, түрлі шаралар да дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады. Атап айтсақ,  жазғы демалыс кезінде балаларға арналған сауықтыру лагерьлері,  ауыл имамдарына арналған түрлі курстар, балалар мен әйелдерге Ислам негіздерін оқытуға арналған курстар. Нариман хазреттің арманы болған Құран оқушылар арасындағы тұңғыш сайыс облыс бойынша осы мешітте өтті. Алдағы уақытта қазақ тілінде курстар ашуды жоспарлап отырмыз,-дейді Жамалиддин хазрет.

www.zhaikpress.kz

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале