18.01.2016, 14:15
Оқылды: 31

Міндет айқын, жол жарқын

100 nakti kadamПрезидент ұсынған «Ұлт жоспарын» мемлекет дамуының негізгі  ұстанымы деуге болады. Халықтың сот жүйесіне деген сенімдері еселеп артуда. Қоғамдағы тепе-теңдік пен құқықтық ахуалды сақтау  жолында сот жүйесінің қызметкерлері абыроймен еңбек етуде.


Өткен жылы қабылданған «Ұлт жоспары» мемлекеттің халықаралық шеңбердегі беделінің артуына, еліміздің экономикасының қарқындап дамуына, Қазақстан халқының  алаңсыз, қамсыз өмір сүруіне жол ашатын бірегей  бағдарлама  2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. ҚР-ның жаңаланған Азаматтық-процессуалдық кодексінің маңызы ерекше екенін  айрықша атап өткім келеді.

Осы орайда Зеленов ауданы Дариян ауылындағы №2 аудандық сотында тергеу судьясы Е.Нұрсұлтановтың басшылық етуімен «Тергеу судьяларының ҚР Қылмыстық–процессуалдық кодексінің нормаларын қолдануы және олардың өкілеттілігі» тақырыбында  брифинг өтті. Жиында судья Кодекстің 55-бабының 4-тармағына, атап айтсақ, жеке тінту, үй жөніндегі мәселелерді қылмыстық тұрғыдан қарау, жеке адамды тінту, азаматтардың жеке істерін қарау ісіне жеке тоқталды.

Сонымен қатар жұмыс істеп жүрген судьяларға қатысты талаптардың да күшейгендігі және  сот процесінің әділ өтуіне барын салу қажеттігін атап өтті.

www.zhaikpress.kz

Гүлжан   АЯЗБАЕВА

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале