23.05.2016, 19:40
Оқылды: 73

Мәдениет қызметкерлер күні қарсаңында

????????????????????????????????????

    Елбасымыздың жарлығымен 2013 жылдан бастап 21 мамыр-Мәдениет және өнер қызметкерлері күні болып белгіленген болатын. Осыған орай сенбі күні Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында арнайы жиын өтті.


    Аталмыш жиынға аудан әкімі С.Әлиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез және мәдениет қызметкерлері қатысты.

     Алдымен аудандық мәдениет қызметкерлерінің осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері жөнінде бейнеролик көрсетілді.

   Мұнан соң, аудан әкіміСанжар Жұматайұлы: Құрметті мәдениет қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің тұрақты шығармашылық ізденістеріңіз алдағы уақытта да көп ұлтты Қазақстанымыздың ең үздік мәдени дәстүрлерін сақтау мен дамытуға бағытталатынына сенімдімін. Баршаңызға мәдениет пен өнерге қызмет ету жолында зор денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар тілеймін,- деді. Содан кейін аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері  Т.Тапалов, Н.Қадырқұлова. Д.Алжекеновкеоблыстық мәдеиет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы тарапынан берілген дипломмен арнайы сыйлықтарды табыстады.

   Сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов аудан әкімінің алхысхатымен бір топ мәдениет қызметкерлерін мараппаттады.

www.zhaikpress.kz

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале