12.01.2016, 12:00
Оқылды: 33

Мәуліт оқылды

Maulit    Орал қаласындағы Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы мешітте Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, облыстық орталық мешітінің найб имамы Абдурашит Қарабаев мәуліт оқыды.


     Аталмыш мешіттің бас имамы Қажымұқан Ғилманов Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өміріне тоқталып, жамағатқа уағыз айтса, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов жиналған қауымды құттықтады. Алла елшісіне салауат айтып, сәлемдер жолдады. Мешіт жамағаттары ақ дастарқан жайып, салиқалы әңгімелер айтылып, ел тыныштығы үшін дұға тіледі.

www.zhaikpress.kz

Нұрлан САМАТҰЛЫ

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале