20.08.2015, 13:06
Оқылды: 14

Мәңгілік елді қалыптастырудағы – 100 нақты қадам

Zelenov Mangilik el   Зеленов ауданына Тасқала аудандық жастар ресурстық орталығының белсенділері келді. Қонақтарды қарсы алған соң, екі тарап  Ұлы Отан соғысында қаза болған батырларға арналып қойылған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалында «Мәңгілік елді қалыптастырудағы – 100 нақты қадам» атты дөңгелек үстелге жиналды.

Дөңгелек үстелде басқосдуың негізгі мақсаты  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам" Ұлт жоспарын жастар арасында насихаттау.

Аудандық ішкі саясат бөілмінің басшысы Т.Жүнісова төрағалық еткен жиында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы А.Жұбаныш кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасы бойынша атқарылар жұмыстар мен міндеттерді жіктей түсіндіріп, жастарды еліне адал мемлекеттік қызметкер болуға шақырса, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің кеңесшісі Б.Хайруллин осы реформаның 13-ші тармағы жемқорлыққа қарсы күресті күшейту сонымен бірге, жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу шараларымен таныстырды. Кез келген адам жемқорлыққа қатысты қандай да бір ақпарат алса, сенім телефондарына дереу хабарласу керектігін ескертіп, жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның ісі деп сөзін қорытындылады.

Басқосуда әрі қарай  «Жігерлі жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Аюпов, Тасқала аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы А.Қодаров сөз алып, ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстел отырысынан кейін делегаттар Қ.Аманжолов мектебіне қарай жол тартып, мектеп мұражайымен таныстырылып, ауданымыздың жастары дайындаған концертті тамашалады.

www.zhaikpress.kz

Динара Насырова

ЗЕЛЕНОВ АУДАНЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале